Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда 189 әкім сайланды


Қазақстандық сайлаушы. Көрнекі сурет.
Қазақстандық сайлаушы. Көрнекі сурет.
Оңтүстік Қазақстан облысында 189 әкім сайланды деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, облыс бойынша барлығы 189 әкім (оның ішінде Шардара, Леңгір, Жетісай және Сарыағаш қалаларының әкімдері) сайланған. Сайлауға 400-ден астам үміткер қатысқан.

Қазақстанның өзге облыстарында ауыл және аудан әкімдерін сайлау 6-9 тамыз аралығында өтеді.

Әкімдерді жергілікті аудан я қалалық мәслихат депутаттары сайлайды. Сайлау кампаниясы - әкімдерді сайлау мен оның нәтижесін шығару бір айға дейін созылады.

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң 2013 жылы маусым айының соңында күшіне енген.
XS
SM
MD
LG