Accessibility links

АҚШ пен Ресей министрлері кездеспек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
9 тамызда Вашингтонда АҚШ пен Ресейдің сыртқы істер және қорғаныс министрлері кездесуі өтетін болды. Бұл туралы 6 тамызда Reuters агенттігіне АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі хабарлаған.

Ресей АҚШ-тың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік қызметкері маманы Эдвард Сноуденге уақытша баспана берген соң екі елдің қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтпей қалуы мүмкін деген болжамдар болған.

Эдвард Сноуден АҚШ-тың барлау қызметтерінің телефон байланыстары мен интернетті бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған. Содан кейін АҚШ үкіметі Эдвард Сноуденге "тыңшылық жасады" деген айып тағып, айыптау құжаттарын Вирджиния штатының федералды сотына 21 маусымда түсірген. Эдвард Сноуден 1 тамызда Ресейден бір жылдық уақытша баспана алған.

Сейсенбіде өткен баспасөз жиынында АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки америкалық шенеуніктер ресейлік әріптестерімен кездесулерінде Сноуденді АҚШ-қа қайтару мәселесін көтеретіндерін де айтты. Джен Псаки "Ресейдің Сноуденді АҚШ-қа қайтаруға мүмкіндігі барын білеміз" деген.

Вашингтондағы кездесулерде Сириядағы қақтығыс, Иранның ядролық бағдарламасы және екі елге ортақ мәселелер де талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG