Сирия билігі бүгін Дамаскіде президент Башар Асадтың кортежіне шабуыл жасалғаны туралы хабарды жоққа шығарды.
"Шабуыл жасалғаны туралы хабар - жалған, президенттің жағдайы жақсы" деп мәлімдеді Сирияның ақпарат министрі Омран Зохби мемлекеттік телеарнаға.
Министрдің айтуынша, ол бүгін Асадпен бірге мешітте Ораза айт намазына қатысқан. Кейбір ақпарат құралдары "президент мешітке бара жатқанда шабуылға ұшырады" деп хабарлаған еді.
Башар Асадқа қарсы көтерілісшілер жетекшілерінің бірі Фирас әл-Битар "Әл-Арабия" телеарнасына Асадтың кортежіне бірнеше снаряд атылғанын хабарлаған. Асадтың тағы бір қарсыласы, оппозиция өкілі Вахид Сагар осы телеарнаға президенттің шабуылға ұшыраған басқа көлікте отыруы мүмкін екенін айтқан.
Сирияда 2011 жылдан бері Башар Асад үкіметі мен оппозициялық топтар арасында азаматтық соғыс жүріп жатыр. БҰҰ дерегі бойынша, азаматтық соғыс басталғалы бері елде 100 мыңға тарта адам қаза тапқан.