Accessibility links

Сот Харламов ісіне сараптама нәтижесін қосатын болды


Александр Харламов, шығыс қазақстандық құқық қорғаушы.
Александр Харламов, шығыс қазақстандық құқық қорғаушы.
Риддер қалалық соты діни араздықты қоздырды деп айыпталған журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламовтың ісіне тәуелсіз сараптама нәтижесін қосу туралы өтінішті қанағаттандырды. Бұл туралы "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы хабарлады.

7 тамызда өткен сот отырысында судья Елемесова Харламовтың адвокаты Мағауия Таукеновтің үш өтінішінің бірін - сот ісіне кешенді сараптама нәтижесін қосуды ғана қанағаттандырған. Айыпталушының жазбаларына ғылыми сараптаманы филология, философия, психология және саясаттану саласының мамандары жасаған.

Александр Харламовқа қарсы сот 19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында басталған еді. Сотта айыпталушы Харламов өзін кінәсіз деп білетінін және атеист екенін мәлімдеген.

Харламовқа "ислам, иудаизм мен буддизм сияқты әлемдік діндерді зерттеп, діни жүйеге өзінше тәпсір жасап, діни алауыздықты қоздырған" деген айып тағылған. Айыптау қорытындысында соттың психологиялық-филологиялық сараптамасына сілтеме жасалған.
XS
SM
MD
LG