Accessibility links

Израиль Эйлат курорты әуежайын уақытша жапты


Эйлат қаласы, Израиль. Көрнекі сурет.
Эйлат қаласы, Израиль. Көрнекі сурет.
Израиль Қызыл теңіз жағалауындағы Эйлат курортының әуежайын жабуға бұйрық берді. Әуежай өкілінің хабарлауынша, басшылыққа жаңа өкім шыққанша ұшатын және ұшып келетін барлық рейстерді тоқтату тапсырылған.

Әуежай өкілі мұны тек қауіпсіздік тұрғысында жасалғанын айтып, себебін түсіндірмеді.

Эйлат - Синай түбегіне жақын ірі туристік орталық. Синай түбегінде 3 шілдеде Мұхаммед Мурси Египет президенттігінен шеттетілгеннен соң жағдай шиеленісіп кеткен.

Шілдеде Египет жағынан атылған зымыран Израиль аумағына түсті. Оның жарықшақтары Эйлаттың солтүстік аумақтарынан табылған.
XS
SM
MD
LG