Accessibility links

Робот-астронавт ғарыш станциясына жеткізілді


Kibo Robot жобасы бойынша жасалған робот.
Kibo Robot жобасы бойынша жасалған робот.
Жапонияның HTV-4 «Конотори» («Аққұтан») жүк кемесі 9 тамызда халықаралық ғарыш станциясындағы америкалық Harmony модуліне ойдағыдай тіркелгені туралы АҚШ-тың аэроғарыш агенттігі (NASA) хабарлады.

Жапон кемесі жерден жіберілген құрал-жабдық, киім-кешек, азық-түлікпен бірге ғарыш станциясына Киробо атты алғашқы робот-астронавты жеткізді. Биіктігі 34 сантиметр, салмағы - 1 келі Киробо жапон тілінде сөйлей алады.

Жапон тіліндегі "үміт" ("кибо") және "робот" сөздерінен құралған "Киробо" (Kirobo) атты робот-ғарышкер биыл қараша айында халықаралық ғарыш станциясына ұшып барады деп жоспарланған жапон ғарышкері Коичи Вакатаға серік болмақ.

Сонымен бірге робот-ғарышкердің жерде қалған Мирата (Mirata) атты тағы бір сыңары бар. Бұл екеуін де жапон мамандары Kibo Robot жобасы бойынша жасап шығарған. Киробоның Twitter әлеуметтік желісінде арнайы блогы да бар - @Kibo_robo
XS
SM
MD
LG