Accessibility links

Белфаста шерушілер полициямен қақтығысты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Солтүстік Ирландияның орталығы Белфаста жұма күні протестанттар мен католиктер арасындағы кикілжіңді тоқтатпақ болған 26 полиция қызметкері зардап шеккен.

Солтүстік Ирландияның Ұлыбританияның құрамында болуын қолдайтын протестанттар бұл аймақтың көршілес Ирландиямен бірігуін жақтайтын католиктердің шеруін бөгемек болғанда қарсы екі тарап қақтығысып қалған.

Бірнеше автокөлікті өртеп, бірқатар дүкеннің терезелерін сындырған шерушілерді тарату үшін полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқпен атқан. Шерушілердің арасынан бірнеше адам жарақат алған.

Солтсүтік Ирландияда католиктер мен протестанттар өзара дауды доғару туралы 1998 жылы келісім жасасқанымен, екі тарап арасында оқта-текте жанжал болып тұрады.
XS
SM
MD
LG