Accessibility links

Кабулда үш Қытай азаматын өлтіріп кеткен


Ауғанстан қауіпсіздік қызметкерлері мотоцикль мінген адамды тексеріп жатыр. Көрнекі сурет.
Ауғанстан қауіпсіздік қызметкерлері мотоцикль мінген адамды тексеріп жатыр. Көрнекі сурет.
Ауғанстан астанасындағы бір пәтерден үш Қытай азаматының жансыз денесі табылған. Жұма күні кешке Кабулдағы Қытай елшілігі тағы екі азаматын іздестіріп жатқанын мәлімдеген.

Қытай азаматтарын әлдекімдер қасақана өлтірген болуы мүмкін екенін айтқан елшілік ауған билігін бұл қылмысты ашып, оны жасағандарды ұстау үшін шұғыл тергеу жүргізуге шақырған. Ауғанстан полициясы қылмысты тексеріп жатқанын айтқан.

Қытай Ауғанстанның тау-кен өндірісі саласына мол инвестиция салған ел. Ауғанстанның бірнеше аймағында жұмыс істеп жатқан қытай компанияларында Қытай азаматтары еңбек етеді.
XS
SM
MD
LG