Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан 69 адам қаза тапты


Жарылыстан қалған автокөлік қаңқасы. Бағдад, 7 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Жарылыстан қалған автокөлік қаңқасы. Бағдад, 7 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ирак астанасы Бағдад қаласында сенбі, 10 тамызда болған жарылыстан 69 адам опат болды. Бұл туралы Ирактың ресми органдары хабарлады. Ондаған адам жарақат алған.

Жарылыс Бағдад қаласының негізінен шииттер тұратын ауданында, базар мен мейрамханалардың маңында болған. Айт күндері Ирак астанасында қауіпсіздік шаралары күшейтілген еді. Алайда ұйымдастырушылар бұған қарамастан мейрамханалар мен кафелерге, базарға 11 бомба жарған.

Ирак шенеуніктерінің айтуынша, "Әл-Қаида" бірнеше апта бұрын Бағдад түрмесіне шабуыл жасап, жүздеген терроршыны босатқан".

Ирак ресми органдарының мәліметі бойынша, рамазан айында бұл елде 670 адам террор құрбаны болды.

Вашингтон "Әл-Қаиданың" Ирактағы тобының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадиді ұстау немесе көзін жою үшін 10 миллион доллар сыйлық тігетінін қайта мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG