Accessibility links

Қостанай облысында тасқыннан жүздеген адам көшірілді


Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Жезқазғандағы су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Қостанай облысының Қарабалық және Таран аудандарында ондаған үйді су басып, 300-ге тарта адам басқа жаққа көшірілді деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Бұған дейін қатты нөсер салдарынан Аят өзеніндегі бөгендер бұзылып, екі ауданда кейбір үйлер су астында қалған еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, Таран ауылында 240 адам, Приречное ауылында 26 адам, Михайловка ауылында 8 адам, Федоровск ауданында 10 адам басқа жаққа көшірілген. Бұл ауылдарда 100-ден астам үйді су басқан.

Құтқару жұмыстарына 100 адам, 16 түрлі техника жұмылдырылған.

Министрлік қазір облыста төтенше жағдай зардаптарын жою жөнінде штаб құрылғанын және үйлерінен көшірілген адамдар тұруға арналған уақытша тұрақ, тамақтану орындары ашылғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG