Accessibility links

Қазақстан соты Ресей кәсіпкерінің жазасын жеңілдетті


"Алматы қалалық соты ресейлік бизнесмен Александр Сутягинскийдің жазасын жеңілдетіп, 12 жылға түрмеге қамау үкімін шартты түрде соттау жазасымен ауыстырды" деп хабарлайды Tengrinews.kz агентігі.

Наурыздың соңында Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Сутягинскийді "бизнестегі серігі Михаил Гаркушкинге қастандық ұйымдастырды және заңсыз қару сақтады" деп айыптап, 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған еді. Сутягинский жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болған.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, Сутягинскийді "заңсыз қару сақтады" деп айыптаған қылмыстық іс жабылды. Ал "кісі өлімі" бойынша алған 6 жыл түрме жазасы жеңілдетілді. Бизнесменге шыққан алдыңғы сот үкімі үш жылдық шартты сынақ мерзімімен ауыстырылып, ол қамаудан босатылды. Бірақ айыптаушы жақ сот шешіміне кассациялық шағым бере алады.

Сутягинский - Омскінің "Титан" компаниялар тобы иелерінің бірі. Компания 2008 жылы Қазақстанда металлургиялық кремний шығаратын алғашқы кәсіпорын ашқан.

Компания Сутягинскийдің кісі өліміне қатысы барын жоққа шығарады. Кәсіпкердің әріптестері оның қудалануын Қазақстандағы бизнесін тартып алу әрекеті деп санайды.
XS
SM
MD
LG