Accessibility links

Грузия сайлау комиссиясы басшысы отставкаға кетті


Зураб Харатишвили, Грузия орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Зураб Харатишвили, Грузия орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Грузия орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зураб Харатишвили елде президент сайлауына екі ай мерзім қалғанда отставкаға кетті. 12 тамызда сайлау комиссиясының өкілі Эка Азарашвили журналистерге Харатишвилидің отставкаға кету себебі кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.

Грузия президенттігіне кандидаттар 7 қыркүйекке дейін тіркелуі тиіс. Бұған дейін қазіргі президент Михаил Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы атынан бұрынғы парламент спикері Давид Бакрадзе, премьер-министр Бидзина Иванишвилидің Грузия арманы коалициясы атынан Георгий Маргвелашвили президенттіккке үміткер болып тіркелген.

Саакашвилидің партиясы өткен жылдың қазанында болған парламент сайлауында аз дауыс жинап, парламенттегі көпшілік мәртебесінен айырылған еді.

Грузияда президент сайлауы қазанның 27-сі күні өтпек.
XS
SM
MD
LG