Accessibility links

АҚШ-та тергеу кезінде өлген шешеннің әкесі әділет іздейді


Абдулбаки Тодашев, АҚШ-та қаза тапқан шешен Ибрагим Тодашевтің әкесі.
Абдулбаки Тодашев, АҚШ-та қаза тапқан шешен Ибрагим Тодашевтің әкесі.
АҚШ-та Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты тергеу кезінде қаза тапқан этникалық шешен Ибрагим Тодашевтің әкесі "ұлым кінәсіз өлді" дейді. Бұл туралы Абдулбаки Тодашев сейсенбіде, Шешенстанға барып келген соң, Флорида штатында мәлімдеді.

Абдулбаки Тодашевтің айтуынша, 27 жастағы ұлы Ибрагим "өте жақсы адам" болған және оның өлімін "ешқандай себеппен ақтап алуға болмайды". Ол қазір АҚШ заң орындарынан ұлының өліміне қатысты әділеттілік іздеп жүргенін айтады.

Ибрагим Тодашевты 22 мамырда Флорида штатының Орландо қаласында, тергеу кезінде "агентке шабуыл жасамақ болды" деп атып тастаған еді. АҚШ тергеушілері одан Бостон марафонында болған жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевпен байланысы туралы сұрамақ болған.

15 сәуірде Бостон марафоны аяқталар тұста болған жарылыстардан 3 адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG