Accessibility links

"Нұр Отан" Қызылордада сүндеттеу шарасын бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қызылордада "Нұр Отан" партиясы 200 баланы сүндеттеу шарасын бастады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне партияның Қызылорда филиалы төрағасының орынбасары Абзал Мухимов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, "Алпамыс мектепке барады" деп аталатын акция аясында ауруханаларда жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жетім балалар сүндеттеліп жатыр. Бүгін, акцияның алғашқы күні 17 бала сүндеттелген.

Сүндеттелетін балаларға сыйлық ретінде велосипед таратылып берілмек. Акция 1 қыркүйекке дейін жалғаспақ.

Орталық Азияда мұндай шаралар ара-тұра болып тұрады. Бұдан алдын Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова «1000 үйлену тойы мен 1000 сүндет той» шарасын өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG