Accessibility links

Қырғызстан: Roshen өнімдерінде зиянды зат жоқ


Roshen компаниясының кәмпиттері. Көрнекі сурет
Roshen компаниясының кәмпиттері. Көрнекі сурет
Қырғызстанның азық-түлік өнімдері сапасын тексеретін сарапшылары "Украинаның Roshen кондитерлік корпорациясының өнімдері тұтынуға жарамды" деген шешім шығарды.

Қырғызстанның бас санитарлық дәрігері Төле Исаковтың 14 тамызда мәлімдеуінше, Roshen өнімдерінен ешқандай зиянды зат табылмаған.

Бұған дейін Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғайтын "Роспотребнадзор" мекемесі "Roshen компаниясының сүтті шоколадтарынан адам ағзасына зиянды канцерогенді бензапирен" табылды деп, компания өнімдерін Ресейге импорттауға тыйым салған еді.

Бұдан соң Қазақстан Ресейдің сұрауымен компания өнімдерінің құрамын тексере бастады. Ресейдің тыйымынан соң Беларусь, Молдова және Тәжікстан да Roshen тәттілерін тексеріп жатыр.

Молдова және тәжік үкіметі "украиналық шоколадтардан бензапирен табылмады" деп хабарлады.

9 тамыз күні Қазақстан мамандары Roshen конфеттерінің жеті түрін тексеріп, зиянды заттардың табылмағанын, тексеру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеген.

Roshen компаниясы өнімдерін ТМД елдеріне, Канада, Германия, Израиль және АҚШ-қа экспорттайды.
XS
SM
MD
LG