Байқоңыр қаласында «Протон-М» зымыран тасығышы апатының зардаптарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа үкіметтік комисия төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Ресей федералдық ғарыш агенттігінің ("Роскосмос") Байқоңырдағы басқармасының басшысы Анатолий Белоконь, "Қазғарыш" агенттігінің өкілі, Қазақстан президентінің Байқоңырдағы ресми өкілі, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы қатысқан.
Жиында сөйлегендер «Протон-М» зымыран тасығышы құлағалы бері гептил төгілген жерлерді залалсыздандыру жұмыстары екі кезең бойынша жүргізілгенін айтқан.
Қазір апат орнында зиянды заттың шектік концентрациясы қазақстандық мамандардың бағалауынша 660-тан 330-ға, ал ресейлік мамандардың есептеуі бойынша 130-дан 10-ға дейін төмендеген. Залалсыздандыру жұмыстары аймақ толық тазартылғанша жалғаспақ.
2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы ластанған жер көлемі туралы түрлі пікірлер айтылған.