Accessibility links

Түркі тілдес елдер басшылары Бакуге барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев түркі тілдес елдер басшыларының бірінші саммитінде. Алматы, 21 қазан 2011 жыл. Көрнекі сурет.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев түркі тілдес елдер басшыларының бірінші саммитінде. Алматы, 21 қазан 2011 жыл. Көрнекі сурет.
Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия басшылары Бакуге түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне жиналып жатыр.

15 тамызда төрт елдің сыртқы істер министрлері кездесті. Саммит 16 тамызда Бакуден 200 километр жердегі Габала қаласында өтпек.

Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблеясының бас хатшысы, әзербайжандық Рамиль Хасановтың айтуынша, саммитте төрт ел арасында еркін сауда аймағын құру мәселесі талқыланбақ.

Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің алғашқы саммиті 2011 жылы Алматыда өткен еді. Ол саммит экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне арналған.

Түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін ұйым осы елдердің тілдері мен мәдениеттерін сақтап, саяси-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту үшін құрылған.
XS
SM
MD
LG