Accessibility links

Египет: полиция шерушілер бекінген мешітке кірді


Мурсиді қарсыластары мен полиция жасағы Каирдегі Әл-Фатх мештінің алдында тұр. 17 тамыз 2013 жыл.
Мурсиді қарсыластары мен полиция жасағы Каирдегі Әл-Фатх мештінің алдында тұр. 17 тамыз 2013 жыл.
17 тамызда Египеттің қауіпсіздік күштері Каирдегі Әл-Фатх мешітіне шабуылмен кіргені хабарланды. Бір күн бұрын елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді билікке қайтаруды талап етіп шеруге шыққандарды қауіпсіздік күштері қуып таратқан соң, олардың біраз бөлігі – жүздеген адам өткен түні осы мешітке кіріп бекінген еді.

Египетте «қаһарлы жұма» күні Мурсиді қолдаушылар мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыстардан 80-нен аса адам өлген. Сәрсенбіде Египеттің уақытша үкіметі шерушілердің лагерьлерін күштеп бұзуға бұйрық берген соң осы кезге дейін қақтығыстар салдарынан 700-ден аса адам мерт болған.

Египеттің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған France Press агенттігі жұма күнгі оқиғалардан кейін «Мұсылман бауырлар» қозғалысын қолдайтын мыңнан аса адамның ұсталғанын хабарлады.

Сәрсенбіде уақытша үкімет бір ай мерзімге төтенше жағдай жариялаған Египеттегі ахуалды осы аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жабық жиында талқылап, Египет үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға, ал қарсы тараптарды бітімге келуге шақырған.

Египеттің уақытша үкіметі халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде АҚШ президенті Барак Обаманың полиция әрекетін сынауына орай мәлімдеме жасады. Уақытша үкімет "Сын пікірлер мен айыптаулар нақты фактіге негізделмеген және ол қарулы топтарды жігерлендіре түседі" дейді.

3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан.
XS
SM
MD
LG