Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов билік басындағы Түркіменстанның демократиялық партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл әрекетін ол елдегі көппартиялық жүйенің дамуы үшін жасағанын айтқан.
17 тамызда, биліктегі партия съезінде Бердімұхамедов "көппартиялық жүйе жағдайында ел президенті қандай да бір партияның мүшесі болмауы тиіс" деген.
Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанның демократиялық партиясын 2006 жылдан бері басқарып келеді. Оның алдында партияның төрағасы осы елдің бірінші президенті Сапармұрат Ниязов болған.
СССР тараған 20 жылдан бері Түркіменстанның демократиялық партиясы осы елдегі жалғыз партия болып келді.
2012 жылы Түркіменстанда жаңа заң қабылданып, ол бойынша басқа партиялар құруға рұқсат етілді. Қазір Түркіменстанда билік партиясынан бөлек, "Кәсіпкерлер мен өндірісшілер" партиясы бар. Оның мүшелері 2 мыңға таяды. Ал биліктегі Түркіменстанның демократиялық партиясы мүшелері - 190 мың адам. Екі партия да парламент сайлауына қатысатындарын мәлімдеді. Сайлау биылғы желтоқсан айында өтеді.