Accessibility links

Қиыр Шығыстағы тасқыннан Қытайда 37 адам өлді


Қытайдағы тасқын. (Көрнекі сурет)
Қытайдағы тасқын. (Көрнекі сурет)
Қытайдың солтүстік-шығысында су тасқынынан ондаған адам қаза тапты.

18 тамызда елдің ресми ақпарат құралдары "кем дегенде 37 адамның құрбан болғанын" хабарлады. Мамандардың айтуынша, соңғы он жылда мұндай тасқын Қытайда болған емес.

Ляонин провинциясында 12 адам өліп, 32 адам жоғалған. Цзилинь және Хэйлунцзян провинцияларындағы адам шығыны туралы ақпараттар бар.

Елдің солтүстік-шығысындағы елді мекендерде 2 мың 500 үй қирап, 140 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Тасқыннан келген шығын 1 миллиард доллардан асқан.

Апатқа қарамастан, Қытайдың солтүстік-шығысында 17 миллион адам құрғақшылықтың зиянын көріп отыр. Оның ішінде 3 миллион адам ауызсу тапшылығынан зардап шексе, 1 миллион гектар жердегі ауылшаруашылығы дақылдары құрғақшылықтан шықпай қалған.
XS
SM
MD
LG