Accessibility links

Сноуденге байланысты журналистің серігі ұсталды


Глен Гринвальд, The Guardian басылымының журналисі.
Глен Гринвальд, The Guardian басылымының журналисі.
Лондонның Хитроу әуежайында жексенбіде АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденмен байланысы бар журналист Гленн Гринвальдтің серігі Дэвид Миранда ұсталған.

Гринвальдтің The Guardian басылымына жазуынша, полиция Миранданың телефоны, ноутбугі мен флеш-карталарын тәркілеп алған. Дэвид Миранда қамауда тоғыз сағаттай отырған.

Журналист Миранданың тұтқындалуына наразылық білдіріп, Ұлыбритания үкіметінен оның не себеппен ұсталғанын түсіндіруді талап ететінін мәлімдеді.

Гринвальдмен азаматтық некедегі Миранда Рио-де-Жанейрода тұрады.

Бразилия үкіметі Дэвид Миранданың ұсталуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Гленн Гринвальд - АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі азаматтарға тыңшылық жасайтыны туралы айтқан Эдвард Сноуденнің ақпараты The Guardian басылымында жария болуына септескен журналист.

Эдвард Сноуден қазір Ресейде тұрып жатыр. Оған АҚШ-та "құпия ақпаратты әшкере қылды" деген айып тағылып, іс қозғалған. Ресей Сноуденге бір жылға уақытша баспана берген.
XS
SM
MD
LG