Accessibility links

Египетте "Мұсылман бауырлар" жетекшісі қамалды


Полицейлер мен әскерилер Каирдегі әл-Фатх мешітіне бекінген "Мұсылман бауырластар" қозғалысының мүшелерін ұстап әкетіп барады. 17 тамыз 2013 жыл
Полицейлер мен әскерилер Каирдегі әл-Фатх мешітіне бекінген "Мұсылман бауырластар" қозғалысының мүшелерін ұстап әкетіп барады. 17 тамыз 2013 жыл
Египетте "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жетекшісі Мухаммад Бади тұтқындалды. Египет мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Мухаммад Бади 20 тамыз күні таңертең Каирде, өз үйінде тұтқындалған.

70 жастағы Мухаммад Бади - биліктен тайдырылған президент Мұхаммед Мурсидің "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жетекшісі. Бади мен қозғалыстың басқа да жоғары шенді өкілдеріне шілдеде "зорлық-зомбылыққа арандату" айыбы тағылған. 25 тамызда Мухаммад Бади мен оның екі орынбасарының үстінен сот басталады.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун дүйсенбіде Египет түрмесінде "Мұсылман бауырлардың" 36 мүшесінің қаза тапқанына "қатты алаңдайтынын" білдіріп, Синай түбегінде исламшыл жасақтардың Египеттің 25 полицейін өлтіргенін айыптады.

14 тамызда Египетте үкімет күштері Мұхаммед Мурсидің жақтастарының наразылық шерулерін күштеп тарату операциясын бастады. Содан бері Египеттегі полиция мен наразылар арасында болған қақтығыстардан 900-ге тарта адам қаза болды.

3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп келген.
XS
SM
MD
LG