Accessibility links

Фукусима АЭС-інен радиоактивті су ағып кетті


Фукусима АЭС-інің үстінен түсірілгендегі көрінісі. Көрнекі сурет.
Фукусима АЭС-інің үстінен түсірілгендегі көрінісі. Көрнекі сурет.
Жапонияда Фукусима атом электр станциясы (АЭС) су қоймаларының бірінен 300 тонна радиоактивті су ағып кетті. Токио электр қуаты компаниясы радиоактивті судың қалай ағып кеткені белгісіз екенін, бірақ оның топыраққа сіңіп кетуі мүмкін екенін хабарлады. Компания зиянды су жақын маңдағы мұхит суына құйылып кетті дегенге сенбейтінін айтады.

Компанияның баспасөз хатшысы Масаюки Ононың сөзіне қарағанда, радиоактивті су аққан қойма маңында шалшық пайда болып, ондағы радиация деңгейі шамадан бес есе асып кеткен.

АЭС қызметкері шалшықтан суды сорып алып, су қоймасындағы суды басқа жаққа ауыстырып жатыр.

2011 жылы 11 наурызда Жапониядағы күшті жер сілкінісінен кейін Фукусима АЭС-і апатқа ұшыраған еді. Қуаты 9 балдық жер сілкінісінен соң іле-шала толқындарының биіктігі 14 метрге жететін цунами соққан. Соның салдарынан АЭС-тің алты реакторын су алып, салқындату жүйесі істен шыққан.
XS
SM
MD
LG