Accessibility links

«Шахтер» Celtic-ті бірінші матчта 2:0 есебімен жеңді


"Шахтер" футбол командасы. Астана, 30 шілде 2013 жыл. (Сурет Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтынан алынды).
Тамыздың 20-сы күні кешкі сағат 9-да Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде қазақстандық «Шахтер» мен шотландиялық Celtic («Селтик») командасы кездесіп, 2:0 есебімен «Шахтер» жеңді.

Бірінші голды ойынның 11-минутында команда капитаны Андрей Финонченко салды. Екінші допты шотландиялық команда қақпасына Сергей Хижниченко енгізді.

Екі команда арасындағы қарымта ойын тамыздың 28-інде Шотландияда өтеді. Қос матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады, жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG