Accessibility links

ЕО Египетке қаржылай көмек жайын талқыламалақ


Мұхаммед Мурсидің жақтастары наразылық акциялары кезінде. Каир, 18 тамыз 2013 жыл
Мұхаммед Мурсидің жақтастары наразылық акциялары кезінде. Каир, 18 тамыз 2013 жыл
Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде Египеттегі жағдайды талқылайды.

ЕО өкілдері Египетте биліктен шеттетілген бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің жақтастарын әскердің күшпен басып-жаншуынан соң осы елге беретін көмегін қысқарту жайын талқыламақ.

ЕО - Египеттің ең ірі сауда әріптесі. 2012 жылы ЕО Каирге 5 миллиард еуро көлемінде қаржылай көмек берген. ЕО шенеуніктері көмек қаржыны қысқартудан өзге, Египетке қару-жарақ эмбаргосын қоюды да ойластырып жатқандарын айтады.

Сейсенбіде АҚШ президенті Барак Обама ұлттық қауіпсіздік саласындағы шенеуніктермен кездесіп, Египетке жыл сайын берілетін 1 миллиард 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі көмек қаржыны қысқарту жайын талқылаған.

АҚШ сейсенбіде Мурсидің «Мұсылман бауырлар» қозғалысының жетекшісі Мухаммад Бадидің тұтқындалғанын сынаған еді.

Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді әскерилер биліктен 2013 жылы 3 шілде күні шеттеткен. 13 тамызда Египетте полиция Мурси жақтастарының лагерлерін күшпен таратуға кірісті. 14 тамызда елде бір айға төтенше жағдай жарияланды. 14 тамыздан бері елде қақтығыстардан 900-ге таяу адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG