Accessibility links

Хосни Мүбәрәк үйқамаққа шықты


Хосни Мүбәрак, Египеттің бұрынғы президенті.
Хосни Мүбәрак, Египеттің бұрынғы президенті.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак үйқамаққа алынады. Бұл туралы Египет премьер-министрінің кеңсесі 21 тамызда хабарлады.

Сәрсенбіде Каир соты Мүбәракқа тағылған "мемлекеттік басылымдардың бірінен сыйлық алды" деген айыпты алып тастап, оны шартты түрде босатуға үкім шығарды. Оның алдында сот Мүбәракқа басқа да коррупциялық істерге байланысты тағылған айыптарды негізсіз деп таныған еді.

85 жастағы Хосни Мүбәрәк 2012 жылдың маусымында шерушілердің өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Бірақ биыл қаңтар айында сот "істі тергеуде кемшіліктер болғанын" айтып, үкімді қайта қарау туралы шешім шығарған.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак 2011 жылы ақпанда үкіметке қарсы халық толқуы кезінде биліктен кеткен еді. Сол жылдың сәуірінен бері ол қамауда отырды.
XS
SM
MD
LG