Accessibility links

Қытайда Бо Силайдың соты басталды


Бо Силай, Қытай коммунистік партиясы аймақтық басшыларының бірі.
Бо Силай, Қытай коммунистік партиясы аймақтық басшыларының бірі.
Қытайда бүгін Чунцин қаласының бұрынғы басшысы, Қытай коммунистік партиясының аймақтық ірі басшыларының бірі болған Бо Силайдың соты басталды. Оған "пара алды", "сыбайлас жемқорлыққа барды" және "билікті теріс мақсатта пайдаланды" деген айыптар тағылды.

Қытай коммунистік партиясының аймақтық ірі басшыларының бірі болған Бо Силай осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын дауға іліккен еді. Ресми хабарда оның «көмекшісінің АҚШ-қа қашпақ болғаны үшін» отставкаға кеткені айтылды. Оның көмекшісі әрі полиция басшысы Ван Лицзюнь 2012 жылы ақпанда АҚШ консулдығына барып саяси баспана сұраған.

Көп ұзамай Бо Силайға «отбасы мүшелерімен бірге жемқорлыққа араласты және әйелінің кісі өліміне қатысты қылмысын жасыруға тырысты» деген айып тағылған.

Чунцин қаласындағы жұмысында коррупцияға қарсы қызметімен танылған Бо Силай Қытай компартиясының тұрақты саяси кеңесіне мүшелікке басты үміткер болған.

Бо Силайдың айыпталуы Қытайда соңғы бірнеше жылдағы ең ірі саяси жанжал болды. Сол даудан соң Қытайда саяси бюроның бірталай басшысы қызметінен кеткен.

Сот Бо Силайды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тапса, ол өлім жазасына кесілуі не ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG