Accessibility links

Франция соты қуғындағы қазақ бизнесмені Мұхтар Әблязовты кепіл төлетіп босатудан бас тартты деп хабарлады оның адвокаты. Сот Украинаның экстрадициялау талабы бойынша ұсталған Әблязовты қауіпсіздігі мақсатында қамауда қалдыра беруді жөн көрген.

Қазақстан үкіметі Мұхтар Әблязовты алты миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, Ұлыбритания сотына жүгінген. 2009 жылы Ұлыбританияға өткен Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеді. 2011 жылы Қазақстан Ұлыбританияға Әблязовты экстрадициялау туралы өтініш түсірген.

Франция Мұхтар Әблязовты 31 шілдеде Украинаның талабы бойынша ұстаған. Оны Ресей де "алаяқтық" бойынша айыптап, іздеу жариялаған. Францияның Қазақстанмен экстрадиция келісімі жоқ, бірақ ол ел Ресей және Украинамен ондай келісім жасасқан.
XS
SM
MD
LG