Accessibility links

HRW: Қазақстан тілшіге жасалған шабуылды тексерсін


Соққыға жығылған ақтөбелік журналист Игорь Ларра. 21 тамыз, 2013 жыл
Соққыға жығылған ақтөбелік журналист Игорь Ларра. 21 тамыз, 2013 жыл
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін журналист Игорь Ларраға жасалған шабуылды жедел және жан-жақты тергеуге шақырды.

"Билік Игорь Ларраға қатысты оқиғаның оның кәсіби қызметімен байланысы бар-жоғын тексеруі тиіс" дейді ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Мира Риттман мәлімдемесінде.

Ұйым өкілі жалпы Қазақстан үкіметін журналистерге жасалатын шабуылдарды ерекше бақылауға алуға, шабуыл жасайтындарды тауып жазалау керегін айтады.

Guljan.org сайты, Assandi times және «Свобода слова» газеттерінің Ақтөбедегі тілшісі Игорь Ларраны 20 тамызда, сағат 23:00 шамасында Ақтөбе қаласында белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен еді. Журналист шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады.

Ақтөбе облыстық полициясы шабуылды "журналистің кәсіби қызметімен байланысты емес, белгісіз бұзақылардың әрекеті" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG