Accessibility links

Йеменде үкімет әскеріне шабуыл жасалды


Сана қаласындағы армия күзет қойған жердің бірі. Йемен, 4 тамыз 2013 жыл.
Сана қаласындағы армия күзет қойған жердің бірі. Йемен, 4 тамыз 2013 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласында әскери-әуе күштерінің қызметкерлері мінген автобусқа шабуыл жасалды. Жарылған көлікте бірнеше әскери қызметкер қаза тапқан.

АҚШ қолдауына сүйенетін Йемен билігіне кейінгі жылдары исламшылдар қысымы күшейіп келеді. Үкімет АҚШ-тың ұшқышсыз құрылғыларына содырлар бекінген жерлерге әуеден шабуыл жасауға рұқсат берген.

Йеменде "Әль-Қаиданың" араб түбегіндегі бөлімі орналасқан. Вашингтон бұл ұйымды "әлемдегі террорлық топтардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі" деп санайды.
XS
SM
MD
LG