Accessibility links

Гүлжан Ерғалиева: Редакциямыз кедергіге ұшырады


Гүлжан Ерғалиева, Adam reader's журналының бас редакторы. Алматы, 10 желтоқсан 2012 жыл.
Гүлжан Ерғалиева, Adam reader's журналының бас редакторы. Алматы, 10 желтоқсан 2012 жыл.
Adam reader's журналы мен Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева басылымдары кедергіге ұшырап жатқанын айтты деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматыда баспасөз жиынын өткізген Гүлжан Ерғалиева 2012 жылдың желтоқсанынан бері Guljan.org сайты мен Adam reader's журналын қудалау басталғанын, бірде бір баспахана журналды басып шығаруға келіспегенін айтқан.

"Біз қызметімізге кедергі келтіру әрекетін тексеруді сұрап барлық жерге жүгіндік, ешқандай қолдау таппадық. Енді біз көпшілікке, шетелдің көмегіне жүгінбекпіз" дейді Гүлжан Ерғалиева. Ол халықаралық ұйымдарға, шетелдік ақпарат құралдарына шағымданатындарын айтады.

2012 жылдың 4 желтоқсанында Алматының Бостандық аудандық соты Guljan.org сайтының қызметін үш айға тоқтатқан еді. Сот сайт қызметін тоқтатуға Гүлжан Ерғалиеваның рұқсат етілмеген митинг өткізуге шақырғаны себеп болғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG