Accessibility links

Қытайда 15 адам аммиактан уланып өлген


Шанхай қаласы, Қытай. (Көрнекі сурет)
Шанхай қаласы, Қытай. (Көрнекі сурет)
31 тамызда Қытайдағы Шанхай қаласында өндірістегі апат салдарынан сұйық аммиактан иіс тиген 15 адам көз жұмып, кемінде 26 адам зардап шеккен.

Қытайдың мемлекеттік "Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңертең теңіз өнімдерін дайындайтын компанияның тоңазытқыш қондырғысында ақау пайда болған. Бірақ апат жайлы бұдан өзге толық ақпарат жоқ. Жергілікті басылымдардың бірінің сайтында жарияланған суретте апат болған жерде өрт сөндіретін машиналардың тұрғаны бейнеленген.

Қытайда өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен құрылыс талаптарын сақтамаудың кесірінен оқыс оқиғалар жиі тіркеледі.
XS
SM
MD
LG