Accessibility links

Сирияға қатысты АҚШ позициясына саясаткерлер пікір айтты


Мәскеуге келген Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ гвардия қасынан өтіп барады. Ресей, 28 сәуір 2013 жыл.
Мәскеуге келген Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ гвардия қасынан өтіп барады. Ресей, 28 сәуір 2013 жыл.
Батыс агенттіктерінің ақпараты бойынша, АҚШ президенті Барак Обаманың "Сирияға қарсы әскер операция жасау" туралы мәлімдемесіне қатысты әлем саясаткерлері пікір айтып жатыр.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ "АҚШ Конгресіндегі Сирияға қатысты талқылауларды жіті бақылайтындарын" айтқан.

Венесуэла президенті Николас Мадуро Обаманы БҰҰ позициясына "пысқырмады" деп айыптады. Осы аптада БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Башар Асад режиміне қарсы әскери операцияға рұқсат ететін қарарды көп талқылап, ақыры қабылдамаған.

Ресей мемлекеттік думасының халықаралық мәселелер жөніндегі комитет жетекшісі Алексей Пушков Twitter әлеуметтік желісіне "Обаманың конгрессмендерді күтуі, әскери операцияны қалай болсын заңдастырудың амалы ғана" деп жазды.

Бірнеше күн бұрын Сирия премьер-министрі Ваэль әл-Халки "Сирия қарулы күштері кез-келген шабуылға тойтарыс беруге әзір екенін" мәлімдеген еді.

Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусының жетекшісі Мұхаммад Әли Джафари "Сыртқы елдер шабуыл жасай қалған жағдайда соғысты Сирия аумағымен шектеледі деу - қателік" екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG