Accessibility links

Бесланда теракт құрбандарын еске алды


№ 1 мектептегі терактіден құрбан болған марқұмдарды еске алу шарасы. Беслан, 3 қыркүйек 2012 жыл.
№ 1 мектептегі терактіден құрбан болған марқұмдарды еске алу шарасы. Беслан, 3 қыркүйек 2012 жыл.
Солтүстік Осетияның Беслан қаласында жергілікті тұрғындар 1 қыркүйек күні № 1 мектепте болған теракт құрбандарын еске алды. 2004 жылы террористер кесірінен қаза тапқан адамдар 1 қыркүйек пен 3 қыркүйек аралығында осы мектепте тұтқында болды.

Террористер мен арнайы жасақ арасындағы ұрыста содырлар кепілге алған 334 адам қаза тапты. Олардың көбі балалар еді. Кепілге ұсталған 800-ден астам адам жараланды.

Еске алу шарасы 1 қыркүйек күні таңертең мектеп ауласында қоңырау қағумен басталып, үш күнге созылмақ.

Беслан қаласында 37 мың адам тұрады. Мұнда қоғамдық тәртіпті мың жарым полиция қызметкері қадағалайды.
XS
SM
MD
LG