Accessibility links

Беларусьте оппозиция белсендісі түрмеден шықты


Александр Францкевич (сол жақта) түрмеден босап шықты. Беларус, 3 қыркүйек 2013 жыл.
Александр Францкевич (сол жақта) түрмеден босап шықты. Беларус, 3 қыркүйек 2013 жыл.
Беларусьте оппозициялық белсенді Александр Францкевич түрмеден босап шықты. Ол "анархистік қызметі" үшін сотталып, үш жыл абақтыда отырған еді.

Құқық орындары босап шыққан соң белсендінің "қауіпсіздік мақсатында" полиция қадағалауында болатынын айтады.

Францкевич 2010 жылдың қыркүйегінде оппозициялық өзге төрт белсендімен бірге ұсталған. Оларға "әкімшілік кеңселерге шабуыл жасады", оның ішінде "Ресейдің Минскідегі елшілігіне жанғыш сұйықтығы бар шөлмек лақтырды" деген айып тағылған.

Бірақ белсенділер өздерінің әрекетін Беларусьтегі жағдайға, оның ішінде полицияның қудалауына көпшіліктің назарын аударғысы келгенімен түсіндірген.

2011 жылдың мамырында ұсталған бес белсенді де "бұзақылық асады" және "бөтеннің мүлкін бүлдірді" деген айыптар бойынша сотталған. 23 жастағы Францкевичке үш жыл жаза кесілген.

Құқық қорғау ұйымдары Францкевичті саяси тұтқын деп жариялаған.
XS
SM
MD
LG