Accessibility links

2020 жылғы олимпиада Токиода өтеді


ХОК төрағасы Жак Рогге 2020 жылы олимпиаданың Токио қаласында өтетінін жариялап тұр.Буэнос-Айрес, 7 қыркүйек 2013 жыл.
ХОК төрағасы Жак Рогге 2020 жылы олимпиаданың Токио қаласында өтетінін жариялап тұр.Буэнос-Айрес, 7 қыркүйек 2013 жыл.
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылғы олимпиада өтетін қала ретінде Жапония астанасы Токионы таңдады. Буэнос-Айресте сенбі күні өткен ХОК жиынында Токио - 60 дауыс, Стамбул (Түркия) 36 дауыс алған.

2020 жылғы олимпиаданы өткізу бәсекесіне Токио мен Стамбулдан бөлек, Мадрид (Испания) қаласы да қатысты. Алайда дауыс беру шарасының бірінші айналымында Испания астанасы бұл жарыстан шығып қалды.

Токио қаласы 2011 жылы жер сілкінісі кесірінен апатқа ұшыраған "Фукусима" атом электр станциясындағы радиация қаупіне қарамастан таңдалды.

Жапония астанасында олимпиада осымен екінші рет өткелі отыр. Алғаш рет мұнда бұл халықаралық спорт жарысы 1964 жылы өткен. Саппоро мен Нагано қалаларында қысқы ойындар да өткізілген еді.

Ал 2016 жылғы олимпиада Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өтеді.
XS
SM
MD
LG