Accessibility links

Тәжік оппозициясы президенттікке кандидатын ұсынды


Тәжікстанның оппозициясынан президент сайлауына ортақ үміткер - құқыққорғаушы Ойнихол Бобоназарова.
Тәжікстанның оппозициясынан президент сайлауына ортақ үміткер - құқыққорғаушы Ойнихол Бобоназарова.
Тәжікстанның оппозициялық топтары қараша айында өтетін президент сайлауына ортақ үміткер - құқыққорғаушы Ойнихол Бобоназарованы ұсынуды ұйғарды.

Тәжікстанның реформаторлық күштері бірлестігі бұл туралы 9 қыркүйекте - тәуелсіздік мейрамы күні мәлімдеме жасады.

Бұдан бірнеше ай бұрын оппозиция алдағы президент сайлауына 1992 жылдан бері елдегі билік басында отырған Эмомали Рахмонға саяси бәсекелес болатын ортақ кандидат шығаруға уәде еткен еді.

"Перспектива+" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ойнихол Бобоназарова 1990 жылдан бері Тәжікстан демократиялық күштері қатарындағы іс-әрекетімен танымал. 1993 жылы елде азаматтық соғыс жүріп жатқан тұста ол қоғамдық қызметі үшін бірнеше ай бойы қамауда болған.

Тәжікстанның реформаторлық күштері бірлестігіне Тәжікстан әлеуметтік-демократиялық партиясы мен Ислам қайта өрлеу партиясы жетекшілік етеді.
XS
SM
MD
LG