Мәскеу қалалық соты 10 қыркүйек күні Қазақстан азаматы Илья Пьянзинді 10 жылға соттады. Сот оны 2011 жылы Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасамақ болды деп айыптаған едің. Сот отырысы айыпталушының өтініші бойынша жабық өтті.
Тергеу мәліметтері бойынша, Пьянзин 2011 жылы желтоқсан айында Украинада жүрген жерінен Солтүстік Кавказдағы Доку Умаров құрған содырлар жасағының құрамына кірген. Оған Ресей президенті Путинге қастандық жасау тапсырылған. Пьянзин Мәскеуде Путин кортежі жолында бомба толтырылған көлікті жаруы тиіс болған.
Пьянзинмен бірге оның серігі деп танылған Адам Осмаев та тұтқындалған еді. Пьянзинді Украина Ресейге бергенімен, Осмаевты алып қалды.