Accessibility links

Түркияда шерушілер мен полиция қақтығысты


Стамбул полицейі шерушілерге көз ашытатын газ шашып тұр. 8 шілде, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Стамбул полицейі шерушілерге көз ашытатын газ шашып тұр. 8 шілде, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде жүздеген азаматтар мен полиция қақтығысты. Қақтығыс шеру кезінде қаза тапқан жергілікті белсендіні жерлегеннен кейін басталған.

22 жастағы Ахмет Атакан 10 қыркүйек күні Антакиядағы шеру кезінде мерт болған. Белсендінің қалай өлгенін көрген куәлер "басынан алған соққыдан қайтыс болды" десе, полиция "белсенді төбеден құлады" дейді.

Белсендінің қазасынан кейін Түркияның басқа қалаларында да үкіметке қарсы шерулер өткен. Стамбулда полиция наразыларға қарсы көз ашытатын газ қолданған.

Түркиядағы үкіметке қарсы шерулер шілде айының соңында саябырси бастаған еді. Алайда шағын қарсылық акциялары Стамбулда, Анкарада, елдің оңтүстігіндегі Хатай провинциясында оқта-текте болып келе жатқан.
XS
SM
MD
LG