Accessibility links

Иракта шабуылдан ондаған адам көз жұмды


Ирак тұрғындары. Мосул, 13 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
14 қыркүйекте Иракта жарылыс пен шабуылдан 30-дан астам адам қаза тапты.

Елдің солтүстігіндегі Баашик (Найнава провинциясы) қаласында адам жерлеу кезінде жанкешті жасаған жарылыстан 26 адам опат болып, 45 адам жараланды.

Жерлеуге Ирактағы азшылық ұлт өкілдері - шабактар қатысқан. 30 мыңдай шабак Мосул қаласының шығыс төңірегіндегі ауылдарда тұрады. Олардың өз тілі, исламның шиит ағымы мен халықтық наным-сенімдері астасып кеткен діндері бар.

Ирактың басқа аудандарындағы шабуылдардан тағы бес адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG