Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Израильге барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 13 қыркүйек 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 13 қыркүйек 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Женевадан Израильге аттанды. Женевада ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізген еді. Екі тарап Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға алуға келісті.

15 қыркүйекте Джон Керри Иерусалимге барып, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездеседі. Сирия мәселесінен бөлек, саясаткерлер Израиль-Палестина қарым-қатынастарын талқылайды.

Джон Керри жақында ғана Лондонда Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен жолықан. Ол қыркүйектің соңында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына Аббас та, Нетаньяху да қатысады деп үміттенетінін айтқан.

Керри Иерусалимнен Парижге ұшуы мүмкін. АҚШ мемлекеттік хатшысы онда Франция және Ұлыбритания сыртқы істер министрлері Лоран Фабиус және Уильям Хейгпен кездесіп, Сириядағы жағдайды талқыламақ.
XS
SM
MD
LG