Accessibility links

Жапония соңғы ядролық реакторын тоқтатады


«Фукусима» АЭС-і. 31 тамыз 2013 жыл.
«Фукусима» АЭС-і. 31 тамыз 2013 жыл.
15 қыркүйекте Жапонияның оңтүстік-шығысындағы Ои АЭС-інде жұмыс істеп тұрған соңғы ядролық реактор жұмысын тоқтатады.

Реакторға иелік ететін энергетикалық компания 2011 жылы апатқа ұшыраған Фукусима АЭС-індегі 50 реактордың ең соңғысы тоқтатылатынын хабарлады. АЭС-тегі апат жер сілкінісі кесірінен болған. Күшті цунамидің толқыны электр станциясын қиратып, мыңдаған тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген еді. Табиғи апаттан 16 мың адам қаза тапты.

Соңғы қырық жыл ішінде Жапония осымен үшінші рет ядролық жобаларын тоқтатып отыр. АЭС-тің қашан қайта іске қосылатыны белгісіз. Қоғамдық сауалнамалардың қорытындысы бойынша, Жапония тұрғындары АЭС-тің іске қосылғанын қаламайды.
XS
SM
MD
LG