Accessibility links

Сирия химиялық қаруға тыйым конвенциясына қосылмақ


Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 25 тамыз 2013 жыл.
Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 25 тамыз 2013 жыл.
Сирия химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық конвенцияға 14 қазанда қосылады. Бұл мәлімдемені БҰҰ баспасөз орталығы 14 қыркүйек таратты. Сирия конвенцияға қосылуға қажет құжаттарды түгел өткізген.

Сенбі күні АҚШ президенті Барак Обама "Сирияның химиялық қаруы туралы АҚШ-Ресей келісімін құптайтынын" мәлімдеді. Обама бұған қоса "дипломатиялық келіссөздерден нәтиже шықпаса, АҚШ-тың Сирияға қарсы әскери операциясын бастайтынын" ескертті.

Обама "АҚШ-тың Ресей, Ұлыбритания, Франция және БҰҰ-мен бірігіп, химиялық қарудан бас тартуы үшін Сирия президенті Башар Асадқа қысым жасауды жалғастыра беретінін" мәлімдеді.

Бұған дейін үш күнге созылған Женева келіссөздері барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға өткізу жоспарын жасаған еді. Ол бойынша 2014 жылдың ортасына қарай Сириядағы химиялық қару жойылуы тиіс немесе елден сыртқа шығарылуы керек.
XS
SM
MD
LG