АҚШ президенті Барак Обама америкалық ABC телеарнасына берген сұхбатында Иранның жаңа президенті Хассан Роуханимен хат жазысқанын айтты.
Ол Иран президентіне жазған хаттың мазмұнын айтқан жоқ, бірақ сөзінде "Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды Сирияның химиялық қаруынан гөрі күрделі проблема деп қарайтынын" айтқан.
Барак Обама Иран басшылығына "АҚШ-тың қажет болған кезде Иранға әскери соққы бере алатынына еш шүбә келтірмеуі керектігін" ескертіп, бұл жағдай да "Сирияға қарсы операцияның кебін киер деп ойлау дұрыс болмайтынын" да ескерткен.
Алдағы аптада Барак Обама мен Хассан Роухани бір күнде БҰҰ-ның бас ассамблеясында сөз сөйлемекші.
Бұған дейін Барак Обама "Сирияның химиялық қаруы туралы АҚШ-Ресей келісімін құптайтынын" мәлімдеген. Бірақ ол "дипломатиялық келіссөздерден нәтиже шықпаса, АҚШ-тың Сирияға қарсы әскери операциясын бастайтынын" ескертті.
Өткен аптада үш күнге созылған Женева келіссөздері барысында, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға өткізу жоспарын жасаған еді. Ол жоспар бойынша, 2014 жылдың ортасына қарай Сириядағы химиялық қару жойылуы тиіс немесе елден шығарылуы тиіс.