16 қыркүйекте Вашингтондағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің нысанына жасалған қарулы шабуыл салдарынан 13 адам қаза тауып, оннан аса адам жараланған.
Қаза болғандардың арасында шабуыл жасаған бір адам бар. Оны "техастық 34 жастағы Аарон Алексис" деп хабарлады. Полиция қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әскери киім киген тағы бір адамды іздестіріп жатыр.
АҚШ президенті Барак Обама шабуылды айыптады.
Шабуыл жасалған Вашингтондағы верфьте АҚШ әскери-теңіз күштерінің әскери кемелер мен құрал-жабдықтарды құрастыру және сатып алумен айналысатын басшылығы орналасқан.