Accessibility links

Алматыда ондаған оқушы астан уланған


Мектеп асханасы. Алматы, 13 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Мектеп асханасы. Алматы, 13 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №173 мектеп-лицейде тағамнан уланған деген күдікпен отыздан аса оқушы дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Науқастардың алды өткен аптаның соңында денсаулық жағдайына шағым айтқан. Алматыдағы балалар жұқпалы ауруханасына жеткізілген балалардың барлығы - бастауыш сынып оқушылары. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, іштері өткен. Әзірге дерттің себебі анықталған жоқ.

Балалар оқитын мектеп асханасы жабылып, қазір санитарлық дәрігерлер оны тексеріп жатқаны хабарланды.

Алматы орта мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына (1-4-сынып) 2007 жылдан бастап күніне бір рет тегін ыстық тамақ беріледі. Мектеп асханаларындағы түскі астың сапасы туралы Азаттық бұған дейін жазған еді.
XS
SM
MD
LG