Accessibility links

Алматы сотының алдында наразылық акциясы өтті


Алматы қалалық сотының алдында наразылық акциясында тұұрғандар, Алматы, 17 қыркүйек 2013 жыл.
Алматы қалалық сотының алдында наразылық акциясында тұұрғандар, Алматы, 17 қыркүйек 2013 жыл.
17 қыркүйекте Алматы қалалық сотының алдында «Әділеттілік үшін» қоғамдық қозғалысының бір топ белсендісі наразылық акциясын өткізді. Олар журналистерді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазған ашық хаттың мазмұнымен таныстырды. Хат иелері өздерінің жылдар бойы сот органдарынан әділеттілік таба алмай келе жатқанын айтқан. Белсенділер «міндетін дұрыс атқармайтын судьяларды» қызметтерінен босатуды және «коррупциялық қылмысқа қатысы бар» судьяларды жауапқа тартуды талап еткен.

Акция барысында белсенділер президент Назарбаевтың «Коррупциямен күрескен кез келгенді қорғаймын» деген сөзінен цитата, сонымен бірге Қазақстан жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров пен Алматы қалалық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденовтің отставкаға кетуін талап еткен жазулар ұстап тұрды.

Талаптардың арасында «Күлпаш Өтемісоваға бостандық берілсін!» деген жазу да болды. Осыдан он күн бұрын Алматы қалалық сотының судьясы Күлпәш Өтемісованың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынғаны туралы Азаттық хабарлаған.

Наразылық акциясы өтіп жатқан жерге келген Алматы қалалық әкімдігінің өкілі белсенділерді «рұқсат етілмеген заңсыз жиынды дереу доғаруға» шақырып, оған көнбеген жағдайда жауапқа тартылатындары туралы бірнеше рет ескерту жасады. Бас-аяғы жарты сағаттай уақытқа созылған акция бұдан соң тарады.

Алматы қалалық сот алдындағы наразылық акциясы туралы видео

Қалалық сот алдындағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG