Accessibility links

АҚШ теңіз әскері нысандарын тексермек


Аарон Алексис.
Аарон Алексис.
АҚШ теңіз әскері басшылығы қарамағындағы барлық нысандарды тексеретінін мәлімдеді. Оған 34 жастағы Аарон Алексистің Вашингтондағы теңіз әскері базасында 12 адамды атып тастауы себеп болып отыр.

ФБР мәліметі бойынша, Алексис - теңіз әскері базасымен келісім-шартқа отырған компанияның ақпараттық технологиялар маманы. Ол ерекше күзетке алынған әскери базаға рұқсат құжатымен кірген.

АҚШ билігінің хабарлауынша, Алексис бұрын психикалық ауруын емдеткен.

Бұған дейін де қатігез әрекеттер жасағаны белгілі болған, қару ұстау бойынша сотқа тартылған Алексис дүйсенбі күні полициямен атысып, қаза тапты. Оның неге мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.
XS
SM
MD
LG