Accessibility links

Алматыда Колеровке қарсы акция өткізген жастар ұсталды


КИМЭП университетінде «Регнум» баспа үйінің президенті Модест Колеров лекциясында қарсылық акциясын өткізген жастарды Медеу аудандық ішкі істер бөліміне алып барады. Алматы, 19 қыркүйек 2013 жыл. (Сурет Мұхтар Тайжанның Facebook парақшасынан алынды).
КИМЭП университетінде «Регнум» баспа үйінің президенті Модест Колеров лекциясында қарсылық акциясын өткізген жастарды Медеу аудандық ішкі істер бөліміне алып барады. Алматы, 19 қыркүйек 2013 жыл. (Сурет Мұхтар Тайжанның Facebook парақшасынан алынды).
19 қыркүйекте Алматыдағы КИМЭП университетінде ресейлік «Регнум» баспа үйінің президенті Модест Колеров лекция оқыды. Лекция басталғанына 5-6 минут өткен сәтте бір топ студент орындарынан тұрып, саяси мазмұндағы сөздер жазылған плакаттар көтерген.

- Он шақты жас "Колеров, үйіңе кет!", "Кеден Одағы - құлдық одағы", "Еуразия одағы - далбаса" деген плакаттар көтеріп, орындарынан тұрды. Бұзақылық жасаған жоқ, айғайлаған жоқ, үнсіз тұрды. Аудитория ішінде жастары 20-25 аралығындағы он шақты адамды полиция ұстады, - дейді лекцияға қатысқан азаматтық белсенді Қасым Аманжолұлы.

Оның айтуынша, университет алдында дайын тұрған полицияның автобусы белсенділерді және оларға қолдау көрсеткен өзін - жиыны 11 адамды Алматының Медеу аудандық ішкі істер бөліміне апарған.

Қасым Аманжолұлының пікірінше, "жастар кейбір постсоветтік мемлекеттерде ресейшіл, ұлтшыл ретінде елге кіруіне тыйым салынған адамға қарсылықтарын білдірген".

КИМЭП-те тұтқындалған жастардың бірі Едіге Ахмет Азаттық тілшісіне:

- Бізді Медеу аудандық ішкі істер бөліміне алып келді. Мен өзім КИМЭП-те оқымаймын, жеке тұлға ретінде қарсылық білдіруге бардым, - деді.

Алматы қаласының Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші телефоны жауап бермеді.
XS
SM
MD
LG