Accessibility links

Еуро-2020: Астана – үміткер қалалар қатарында


Астана стадионында Қазақстан мен Германия құрамаларының ойынына келген қазақ жанкүйері. 27 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Астана стадионында Қазақстан мен Германия құрамаларының ойынына келген қазақ жанкүйері. 27 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
2020 жылы футболдан Еуропа құрлығының чемпионатын өткізуден үміткер қалалар арасында Қазақстан астанасы да бар.

Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) ресми сайтында жарияланған ақпаратта 32 елден жиыны 39 қала аталған.

Биыл қаңтар айында УЕФА-ның атқарушы комитеті 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық бөлігін 13 қалада өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Үміткер қалалардан өтініш қабылдау мерзімі 19 қыркүйекте аяқталған.

Енді алдағы аптада УЕФА атқару комитеті 39 үміткердің арасынан құрлық чемпионатының финалдық ойындарын өткізуге лайықты деп танылғандарының тізімін жариялайды.

Қазақстан 1992 жылдан 2002 жылға дейін Азия футбол конференциясында ойнаған еді. Ал 2002 жылы сәуірдің 25-і күні УЕФА құрамына қабылданған.
XS
SM
MD
LG